Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал філістірлер Рефаим аңғарына жетіп, жан-жаққа жайылып тонады. Ал філістірлер тағы да өрлеп келіп, Рефаим аңғарында шашырай орналасты. Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие жерді ойрандап, құнарсыз қылмақ! Ол жер бетінің күл-талқанын шығарып, тұрғындарын шашыратып жібермек. Бүкіл жер бетіндегі халықтар, міне, осындай жағдайға ұшырайды. Бұл жайт жұрттың зәйтүн ағашын соғып шайқалтып, жемістерін жинағанына, әрі жүзім бұтасындағы жүзім шоқтарының үзіліп алынып, біразы ғана қалған кезге ұқсайды. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады:— Бабыл қаласы астық бастыратын қырмандай: тағы біраздан кейін ол егіннің орылып, астықтың бастырылатыны сияқты тапталатын болады!
Выбор основного перевода