Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал құдайсыздарда солай болмайды,Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды, Халықтарды сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың,Есімдерін мәңгілікке өшіріп тастадың. Солардың мүдделерін Жаратқан Ие қорғайды,Оларды тонағандардың өздерін тонайды. Содан (Бабылдағы) әрбір адам аңшы қуған киіктей, бақташысы жоқ отардай өз халқы мен еліне қарай қашып кетеді. Алайда саған шабуыл жасаған көптеген жат жерлік жауларың кенеттен майда шаң-тозаңдай кері үрленіп тасталады. Айбарлы жасақшылар тобырлары қауыз іспетті ұшып кетеді. Бұл лезде, күтпеген жерден болмақ. Сенің күркіреген даусыңнан халықтар қашады. Сен орныңнан көтерілсең, олар бытырап кетеді. әрі былай дейді: «Біліп ал, Мен сені астық бастыратын өткір тісті, жаңа тақтай сияқты қолданбақпын: тау-төбелерді бастырып, талқандап, қауызға айналдыратындай жеңімпаз боласың. Жауларыңды жел ұшырып, дауыл айдап алып кеткендей жоқ қыласың. Сонда Маған шаттана қуанып, Исраил сиынған Киелі Құдаймен мақтанатын боласың».
Выбор основного перевода