Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың жүзім бұталары Содомнан,Әрі Ғомораның бақшаларынан,Піскен жүзімдері түгелдей улы,Жүзім шоқтары да сондай ащы. Әрдайым Иеміз мадақталсын,Құтқарушы Құдайымыз даңқталсын:Жүгімізді көтеріп жүр Ол күн сайын,Құдайдың Өзі — бізді аман сақтайтын. Өздерін құтқарған Құдайды ескермеді,Ол Мысырда ұлы істер жасаған еді, Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан,Құдай жартастай берік, мәңгі қорған. Ал, Құдайдың халқы, сендер Оған бағышталған мейрам күнінің қарсаңындағы кеште қуана шырқайтындай ән салатын боласыңдар. Сендер Исраилдің жартастай берік Қорғаушысы — Жаратқан Иенің Сион тауына қарай сыбызғының даусына сәйкес салтанатты шерумен жүріп бара жатқан кездеріңдей, жүректерің шаттыққа кенелмек. Ал өзіңді жаратқан Мені, Жасаған Иені, ұмытып келесің! Мен әуел баста аспан кеңістігін жайып жіберіп, жердің негізін салғанда шексіз құдіретімді көрсеткен едім. Неліктен сен өзіңе зорлық-зомбылық жасаған жауыңның қаһарынан күн ұзағына үрейің ұшып қорқасың? Рас, ол сені қырып-жоймақшы болды. Ал қазір сол қанаушыңның қаһары қайда?! Иса оларға:— Көктегі Әкем екпеген әр өсімдік түбірімен жұлынып тасталмақ!
Выбор основного перевода