Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Құдай: «(Айнала тұманданып тұрған) суды ортасынан бөліп тұратын әуе кеңістігі пайда болсын!» — деп бұйырды. Құдай аспанның солтүстік бөлігін бос кеңістіктің үстінен жайып жіберді. Ол жерді бір нәрсеге іліп қоймаса да, жер құлап түспей орнында тұра береді. Жарық нұрды Сен шапандай киесің,Аспанды шатырдай жайып жібересің, Су үстінен «сарайыңды» бекітесің,Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің,«Желдің қанаттары үстінде» жүресің. Жасаған Ие жер шарының үстіндегі «тағында» отыр! Жер бетіндегілер Оның алдында шегірткелердей кіп-кішкентай.Жаратқан Ие аспанды шымылдықтай жайып жібереді, оны шатырдай тігіп, Өзіне мекен етеді. «Мен саған қарсымын, Бабыл! Сен бүкіл жер бетін қиратқан алып тау іспеттісің, — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Мен саған қарсы қолымды созып, сені жартастан құлатып, өртелген тау сияқты қыламын.
Выбор основного перевода