Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патшаның бұйрығы бойынша жаршылар бүкіл Исраил мен Яһуданы аралап, патша мен оның әміршілерінің мына сөздерін халыққа таратты:«Уа, Исраил халқы, Ыбырайым, Ысқақ, Исраилдың сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрыңдар! Сонда Ол Ассур патшасының шеңгелінен аман қалған сендерге де қайтадан бетін бұрмақ. Өмірім тоқымашының қайығындай зырылдап өтіп жатыр, ақыр соңында ол еш үмітсіз үзіледі. Уа, Құдай, өмірімнің дем іспетті өткінші екенін ұмытпашы! Енді қайтып игілік атаулыны көрмеспін. Ғұмырымыз жетпіс жасқа созылар,Күш-қуат жетсе, мүмкін, сексен болар,Жақсы кезде де шегеміз бейнет-азап,Ақыры ғайып боламыз, ғұмыр зырлап. Бір шабарманнан кейін бір шабарман, бір хабаршыдан кейін бір хабаршы Бабыл патшасына асығып келіп, жаудың қаланы жан-жақтан басып алып жатқаны туралы мәлімдейтін болады:
Выбор основного перевода