Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер Құдай арамыздан өтіп, біреуді тұтқындап, сотты шақырып жинаса, Оны кім тоқтата алады? Бірақ Ол жалғыз Өзі ғана Құдай, кім Оған қарсы тұра алады? Ол нені қаласа, соны істейді. Бірақ балта өзімен ағаш шапқан иесінен гөрі кереметпін деп мақтана ала ма? Немесе ара өзімен жұмыс істейтін ұстаның алдында көкіректене ала ма? Таяқ, сойыл адамды көтермейді, қайта, адам таяқ не сойылды көтеріп, сілтейді! Әлемді құла түзге айналдырған бұл ма? Қалаларды қиратып, тұтқынға алғандарын үйлеріне қайтармаған қатыгез патша осы ма?» Өзін жаратқан Құдайды сынап, шағым айтқан пенде қасіретке қалады! Ол саздан жасалған ыдыстың сынығына ұқсайды. Әлде саз балшықтың құмырашыны: «Не істеп отырсың?» — деп сынауына бола ма? Немесе өзің жасап жатқан бұйымыңның сен туралы: «Қолынан түк келмейді», — деп наразылық білдіруіне қақысы бар ма?! «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, мына құмырашының өзінің ыдыстарына істегенін Мен сендерге істей алмаймын ба? Жаратқан Ие мынаны айтады: Балшық шебердің қолында болғандай, сендер де Менің қолымдасыңдар, уа, Исраил халқы. Ей, пенде, Құдайға қарсы сөйлейтіндей сен кімсің?! Жаратылған нәрсе өзін жаратқанға: «Неге мені осылай жараттың?» деп айта ма?
Выбор основного перевода