Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда да перғауынның жүрегі қасарысып, Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала білдірген еді. Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. Өздерің көріп тұрсыңдар, Құдай бізге жар болып, бізді бастап жүр! Оның діни қызметкерлері де алдыңғы шепте, олар сендерге қарсы ұрандап кернейлерін тартатын болады. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, өз ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қарсы соғыспаңдар! Бәрібір жеңіске жетпейсіңдер!» Ал нағыз даналық пен құдірет тек Құдайда, дана ақыл-кеңес пен парасат та Оның Өзінде. Құдіреті шексіз Тәңір біз жете алмайтындай бәрінен жоғары. Ол өте күшті де әділ, ешкімді езгіге салмайды.
Выбор основного перевода