Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Деміңнің лебінен бөгеліп, сулар тоқталды,Ағысы қабырғадай тіп-тіке тұра қалды,Теңіз ортасындағы терең су қатып қалды. Көрінді сонда теңіздің арналары,Әрі дүниенің негіздері ашылды,Уа, Жаратқан Ие, қатаң сөгісіңнен,Қаһарлы да құдіретті лебіңнен. Көрінді сонда теңіздің арналары,Әрі дүниенің негіздері ашылды,Уа, Жаратқан Ие, қатаң сөгісіңнен,Қаһарлы да құдіретті лебіңнен. Зор істер істейміз Құдай жар болғанда,Жауларымызды таптайды Ол аяғына. Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Көп уақыт бұрын-ақ Ассур патшасының мәйітін салтанатпен, үлкен отпен өртеп жіберетін орын дайындалып қойылған болатын. Ондағы шұңқыр терең де кең, әрі мол отын қаластырылып дайындалған. Оны өртеп жіберу үшін Жаратқан Иенің лебі жанартаудан шыққан күкірт іспетті отты жалын үрлейді. Оның заңына қарсы тұрушы кісі содан кейін шығады. Алайда оны Иеміз Иса қайтып келіп, бәріне салтанатты түрде көрінгенде, аузынан шыққан леппен-ақ мүлдем жояды.
Выбор основного перевода