Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар шатақ ойластырып, зұлымдық жасайды, жан дүниелерінде алдау мен арбауды дайындайды. Міне, арамза адам зұлымдық ойлайды,Жан дүниесінде ол пәлені сақтайды,Содан өтіріктері оның туындайды. Әділетсіздік сепкен пәлені орар,Оның қаһарының сойылы сынып қалар. Ал сендер зұлымдықты «септіңдер», одан «шыққан өнім» — әділетсіздік, ал «жеген жемістерің» — өтіріктеріңнің нәтижесі болды. Өз күш-қуаттарыңа, әскери күштеріңнің молдығына сенім арттыңдар. Алданбаңдар: Құдай адамның Оны елемей, өз бетімен жүруіне жол бермейді. «Адам не ексе, соны орады» дейді. Өзінің ескі күнәкар болмысын қанағаттандырушы сол болмысқа тән өлімді орады. Ал Құдайдың Рухына қызмет етуші осы Рухқа тән мәңгілік өмірді орады.
Выбор основного перевода