Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
бәрібір малдың қиы сияқты лақтырылып тасталмай ма? Оның таныстары: «Қайда екен ол?» дейтін болады. Олар шөп сияқты жылдам солады,Көк шөптей тез қурап, өліп қалады. Сен лезде-ақ алып кетесің пендені,Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді,Яки далада өскен шөп тәрізді:Таң ата шықса да көгеріп,Кешке қарай қурап қалады семіп. Осылай біз жоқ боламыз ашуыңнан,Зәреміз ұшады Сенің қаһарыңнан. Өмірім қойшының қосындай жиылады,Біржола өзімнен тартылып алынады.Сонда ғұмырым менің шиыршықталады,Әрі тоқылған матадай қиылады,Ымырт жабыла ол тез аяқталады. Әділ жандар жойылады, бірақ ешкім бұған көңіл бөлмейді, мәнін де түсінбейді: мейірімді, шыншыл адамдар бұ дүниеден әкетілгенде жамандық атаулыдан құтылып,
Выбор основного перевода