Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мені саз-балшықты илегендей етіп жасағаның есіңде ме? Енді мені қайтадан топыраққа айналдырғың келіп отыр ма? Содан мен шіріген нәрседей, күйе жеген киімдей тозып күйреудемін. Олар осы дүниеден уақытынан бұрын аластатылып, түпнегіздері тасыған сумен шайылып кетті. Құдайдың алдында мен де сіз сияқтымын, өзіңіз іспетті мен де балшықтан қалыптастырылғанмын. Алайда, о, Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз. Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр. Мынаны да білеміз: жер бетіндегі «шатырымыз», яғни тәніміз, күйрегенде, адам қолы емес, Құдайдың Өзі жасаған көктегі мәңгілік мекенімізге, яғни жаңа денеге, ие боламыз.
Выбор основного перевода