Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сенде Құдайдың құдіретіндей құдірет бар ма? Даусыңды Ол сияқты күркірете аласың ба? Жаратқан Ие аспаннан күркіреп шақырды,Алла Тағаланың дауысы жаңғырықты. Жаратқанның даусы сулардың үстінде,Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде. Жаратқанның даусы тым құдіретті,Жаратқанның даусы асқан айбатты. Оның даусы самырсынды сындырады,Ливанның самырсындарын құлатады, Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді. Жаратқанның даусы от-жалын шашады, Оның даусы иен даланы шайқалтады,Қадештегі айдаланы да сілкінтеді. Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді,Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады. Дәріптеп ежелден аспанда жүрген Иемізді,Тыңда, зор даусымен Ол күркірейді.
Выбор основного перевода