Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп ал: Мен ертең осы мезгілде Мысыр Мысыр болғалы күні бүгінге дейін болып көрмеген бұршақты сенің еліңе жаудырамын. Мұса таяғын аспанға қарай созғанда, Жаратқан Ие күн күркіретіп, бұршақ жаудырып, жерге найзағай түсірді. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр елін бұршақтың астына алып, Содан соң Самуил Жаратқан Иеге дауыстап сыйынғанда, Ол күн күркіретіп, жаңбыр жауғызды. Осыны көрген бүкіл халық Жаратқан Ие мен Самуилден қатты сескеніп, оларды терең қастерлейтін болды. Олар Самуилден өтініп:— Құдайыңыз — Жаратқан Иеге бізді өлтірмесін деп пенделеріңіз үшін сиына көріңізші, тақсыр. Жасаған басқа күнәларымызға қоса біз өз бетімізше патша талап етіп, тағы бір рет күнәға баттық, — деді. Осы аралықта аспан жөңкіп келіп қалған бұлттардан қап-қара болып қарайып, қатты жел соғып, жаңбыр құйып кетті. Ал Ахаб күймесіне отырып, Ізрел жаққа қарай кеткен болатын. Сонда Яһуда мен Буняминнің күллі тұрғындары үш күннің ішінде Иерусалимге жиналды. Бұл тоғызыншы айдың жиырмасыншы күні болды. Халықтың бәрі Құдайдың киелі үйінің алдындағы аулада бас қосты. Олар осы оқиғаға және жауған жауынға бола дірілдеп тұрды. Ол халықтарға осылай билік жүргізіп, оларды тамақпен молынан қамтамасыз етеді. Апат, соғыс және шайқас кездері үшін соларды сақтап келемін. Елсіз айдалаға, адам тұрмайтын құла түзге жаңбыр жаудыратын кім? Құлазыған қу жапанды суландырып, жерден шөп шығаратын кім?
Выбор основного перевода