Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Пенделер, тағы да паңдана мақтанбаңдар,Ауыздарыңнан тәкаппар сөз шығармаңдар!Себебі Тәңір Ие бәрін біліп тұрады,Құдай істеріңе әділ үкім шығарады! Шүбә жоқ, айтар сөздерім жалған емес. Оларды білімі кемел адамның сөзі деп біліп қойыңыз. Осылай Құдай Өзінің ғажайып күркіреген даусын шығарады. Ол біз ұғына алмайтын керемет істерді істейді. Әйүп аға, мынаны тыңдаңызшы! Тоқтап, Құдайдың кереметтеріне назарыңызды аударыңызшы. Құдіреті шексіз Тәңір біз жете алмайтындай бәрінен жоғары. Ол өте күшті де әділ, ешкімді езгіге салмайды.
Выбор основного перевода