Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі жақында мен қайтпас сапарға, тас түнек пен түк көргісіз қараңғылық жайлаған аймаққа аттанамын. Қою қараңғылыққа шомған, астан-кестен ретсіздікке толы сол жердің жарығының өзі қара түнектей емес пе?» Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,Себебі Өзің менің қасымдасың,Жігер береді сойылың мен таяғың. Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,Түнек басқан жерде тұратын елгеТаңның шапағы сәулесін төгуде! Олар былай деп сұраған жоқ: «Бізді Мысыр елінен бастап алып шыққан Жаратқан Ие қайда екен? Ол бізді қуаңшылық пен қара түнек жайлаған, шөл далалары мен шұңқырлары бар, ешкім аяқ баспайтын да, мекендемейтін де құла түзбен жетелеп алып жүрді емес пе?!» Ажал төндірген түнектегі біздергеОл Өзінің шапағатты нұрын төгеді,Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді».
Выбор основного перевода