Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ендеше неліктен мені анамның құрсағынан шығардың? Ешкім мені көрмес бұрын өліп кеткенімде ғой, шіркін! Ешқашан бар болмағандай, анамның құрсағынан бірден қабірге қойылған болсам ғой! Ал мен дүниеге келген күн құтсыз күн! Мен туылған күн еш аталмасын! Әкемді: «Сүйінші! Ұлды болдың!» деген хабармен қуантқан адам — бақытсыз пенденің өзі! Сондай адам Жаратқан Ие ежелде аяусыз құртып жіберген қалаларға ұқсайды: ол таң сәріде айқай-шу, тал түсте қағылған дабылды естиді. Әттең, ол мені құрсақта жатқанымда-ақ өлтіріп тастағанда ғой! Анамның ішінен шықпай-ақ шетінеп, оның құрсағы қабірім болып қала бергенде ғой! Неге ғана тудым екен? Пәни өмірдің азабы мен қайғысын бастан өткізіп, ақыр соңында масқараға қалу үшін ғана ма?!»
Выбор основного перевода