Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
О, Құдайым, Құдайым менің!Неліктен мені жалғыз қалдырдың?Айқайлаған даусыма құлақ салмайсың,Мені құтқарудан неге алшақсың? Белім менің ісіп кетіп қабынған,Денемде сау жерім жоқ ауырмаған. Көз жасымды көл қыламын күндіз-түні,Себебі адамдар менен күні бойы:«Құдайың қайда?» деп сұрай береді. Сырымды Саған ақтарған кезімдеМынау бірден түседі менің есіме:Мен көпшілікті жетелеген едім,Құдайдың үйіне қарай өрледім,Мейрамдаған халықпен бірге жүрдім,Шат-шадыман болып шүкірлік еттім. Сен халқыңды көз жасымен тойындырдың,Иә, көз жасымен шөлімізді әбден қандырдың, Нан орнына күлмен тамақтанамын,Көз жасымды сусыныма қосамын.
Выбор основного перевода