Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Иеміз:— Егер Мен Содом қаласынан елу әділ адамды тапсам, соларға бола ол жерге рақым етемін, — деді. Адал жүрген мені Ием қолдады,Пәк істерім үшін игілік сыйлады. Жаратқан Ие Әйүпке арнаған сөздерін айтып болған соң, темандық Елипазға тіл қатып былай деді: «Мен өзіңе және осы екі досыңа қаһарланып отырмын, себебі сендер Өзім туралы қызметшім Әйүп сияқты дұрыс сөйлеген жоқсыңдар! Сондықтан жеті жас бұқа мен жеті қошқарды қызметшім Әйүпке алып барып, оларды өздерің үшін түгелдей өртелетін құрбандыққа шалыңдар. Қызметшім Әйүп сендер үшін сиынады. Сонда Мен оның мінажатын қабылдаймын, әрі сендерге надан сөздеріңе бола тиісті жазаларыңды тартқызбаймын. Өйткені сендер Өзім туралы қызметшім Әйүп сияқты дұрыс сөйлеген жоқсыңдар». Адал жүрген мені Ием қолдады,Пәк істерім үшін игілік сыйлады. Жаратқан маған берді әділдігіме қарай,Оның көз алдындағы пәк ісіме сай. Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады. Қол жуып адалдығымды білдіремін,Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,
Выбор основного перевода