Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көктен қолын созып, Ол мені ұстап алды,Терең судан Ием мені шығарып алды, Күндіз олар түнекке тап болып, тал түсте де түндегідей сипалап жүреді. Қорқыныш олардың басына топан судай қаптап, түнгі дауыл оларды іліп алып кетеді. Құтқара гөр, уа, Құдайым менің,«Тасыған су» жетті мойныма дейін, Жалбарына айқайлап қалжырадым,Құрғап, кеуіп қалды менің тамағым,Құдайымды күтіп талды қос жанарым. Су ағыны асып кетті сонда басымнан,Мен: «Құрыдым енді!» деп түңіліп ойлағам. «Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием,Саған сиындым, жауап бердің де Сен.Сонда тұңғиықтың терең түкпіріненКөмек сұрап саған жалбарынған ем,Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен. Былай деп те айтқан болатынмын:Аластатылсам да көз алдыңнан,Киелі үйіңе қарамақпын қайтадан.
Выбор основного перевода