Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, Құдайға шын жүректен бет бұрып сиын, құдіреті шексіз Тәңірден рақым етуін жалбарына өтін, әрі әділ де кінәратсыз таза жүр! Егер солай істесең, онда Ол, әрине, сен үшін іс қылып, мекеніңде әділдікті қайтадан орнықтырады. Ендеше жүрегіңді Құдайға қайта бағыштап, қолыңды Оған қарай жайып сиынсаң екен! Жасап келген күнәларыңды доғарып, өзіңнен аластатсаңшы! Зұлымдық атаулыны мекеніңе жолатпасаң екен! Жаратқан Ие Мысыр халқына (күнәларына бола) індет жіберіп жазасын тартқызады, бірақ кейін оларды Өзі сауықтырады да. Олар Жаратқан Иеге бет бұрып, сиынады. Ол мінажаттарына құлақ түріп, оларды айықтырады. Оларға көз қырымды салып, жағдайларының жақсы болуын қадағалаймын. Кейін оларды осы елге кері қайтарамын. Сол жерде оларды құртпаймын, керісінше, тұрғызып өркендетемін, оларды жұлып тастамаймын, керісінше, қайтадан егіп отырғызамын. Сонау ата-бабаларыңның заманынан-ақ сендер Менің ережелерімнен жалтарып, оларды ұстанбай келесіңдер. Енді кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер. Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі.Бірақ сендер: «Біз қалайша қайта аламыз?» деп сұрайсыңдар. Ал енді сендерді Құдайға және Оның рақымын білдіретін сөзіне аманаттаймын. Өздеріңді нығайтып, Өзіне бағышталған барлық адамдарымен бірге сендерге де уәде еткен жарылқауларын қиямет күні беруге Оның құдіреті жетеді.
Выбор основного перевода