Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда сен бет-жүзіңді ұялмастан жоғары көтеріп, еш қорықпай берік тұратын боласың. Әлде ол құдіреті шексіз Тәңірге риза болып, Құдайға әрдайым сиынатын бола ма? Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым,Тек мынау ғана менің аңсағаным:Өмір бойы Оның үйінде болсам,Жаратқан Иенің көркіне қарасам,Ғибадатханасында ойланып-толғансам. Жаратқан Иеңнен тап рақатыңды,Ол сыйлайды ізгі жүрек қалауыңды. Егер осылай істесеңдер, сонда рақаттарыңды Менен, Жаратқан Иеден, табасыңдар. Сендерге жердің биік қорғандарын тездетіп иемденіп алуға мүмкіндік беремін. Өзім түп аталарың Жақыпқа мұралық меншікке берген осы елдің өнімдерімен тойынатын боласыңдар». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода