Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол жарықтан түнекке қуылып, тұрған жерінен аластатылады. Шығыстан соққан күшті боран көтеріп әкеткенде, құдайсыздар ғайып болады. Құйын оларды өз орындарынан алып кетеді. Күшті дауыл зұлымдарға аяусыз шүйіліп, олар оның құдіретінен бас сауғалай қашады. Жұрт оларды мазақ қылып, қолдарын шапалақтап, орындарынан ысқырады. Олар күтпеген жерден талқандалады,Зәрелері ұшып, жойылып, жоғалады. Я, Ием, көтерілсең, олар ғайып болар,Оянғанда жоқ болатын түске ұқсар. Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңдаӨте шыққан күн тәрізді қып-қысқа,Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана. Сонда Құдайдың құрбандық үстелі орналасқан Иерусалим қаласына қарсы соғысып жатқан көптеген халықтардың шулы әскерлері көрген түс сияқты түгелдей ғайып болады. Олар қаланы оның бекіністерімен бірге қамап алған еді. Енді сол әскерлердің бәрі де түн ішінде көзге елестеген бір нәрседей жоқ болып кетеді.
Выбор основного перевода