Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арам байлық пайдалы болмайды,Ал әділдік ажалдан сақтайды. Қаһарлы күнде байлықтан пайда болмайды,Ал әділдік өлімнен аман сақтайды. Жанжалды үйдің мол етінен гөріТатулықпен жеген қатқан нан игі. Сол байлық бір апаттан құрып жоқ болар. Сонда ұлы дүниеге келгенде әкесінің оған қалдыратын ештеңесі болмайды. Адам ана құрсағынан жалаңаш шығады, о дүниеге де дәл солай аттанады. Өзінің еңбек етіп тапқанынан ештеңені де қолымен ұстап алып кете алмайды. Олар татулық дегенді білмейді, жүрген жолдарында әділдік жоқ. Қайта, олар жолдарын өз мүдделері үшін қисайтып, бұралаң етеді. Солармен жүрген бірде-бір жан тыныштықты білмейді. Сонда олар күмістерін көшеге лақтырып, алтындары да құнсыз көң іспетті саналмақ. Жаратқан Иенің қаһары төгілген сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Өйткені адамдар соларды жеп, аштығын басып, қарындарын толтыра алмайды. Олардың байлыққұмарлығы сүрініп, күнәға батуларына себепші болды. Жаратқан Иенің қаһары төгілетін сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Оның ашу-ызасының отында бүкіл жер беті жанып кетеді, себебі Ол жер бетінде тұратындардың барлығын да аяқ астынан толықтай құртатын болады.
Выбор основного перевода