Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені қаһарым оттай тұтанады,О дүниенің түбіне дейін жайылады,Жерді бар өнімімен бірге жалмайды,Таулардың негіздерін өртеп талқандайды. Өйткені арсыз зұлымдардың тобы еш жақсылық әкелмейді. Пара алғандардың мекендерін от жалмайды. Ол жарықтан түнекке қуылып, тұрған жерінен аластатылады. Өзің бұрын танып білмеген елден жауыңды алып келемін. Өйткені қаһарымнан от тұтанып, ол сендерге қарсы лаулап жатыр. Мен өзіңе табыстаған мұралық жеріңді уысыңнан шығарып аласың. Өзің бұрын танып білмеген елде Мен сені жауларыңа құлдыққа түсіремін. Өйткені сен Менің қаһарымды тұтатқан едің, енді ол мәңгілікке лаулайтын болады, — дейді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода