Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайымыз Жаратқан Ие сендерді иемденгелі отырған осы елге кіргізгеннен кейін, Гәризим тауынан жарылқауларды, Ебал тауынан қарғыстарды жариялаңдар. Мұса сол күні халыққа төмендегі бұйрықтарды жариялады: — Иордан өзенінен өткеннен кейін сендер, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Жүсіп пен Бунямин рулары, халыққа Құдайдың жарылқауының қандай жағдайларда қонатынын жариялау үшін Гәризим тауының беткейінде тұрыңдар! Ал сендер, Рубен, Ғад, Ашир, Забулон, Дан мен Нафталим рулары, халық Құдайдың қарғысына қандай жағдайда ұшырайтынын паш ету үшін Ебал тауының беткейінде тұрыңдар! Сонда леуілік діни қызметкерлер қатты дауыспен Исраил халқының бәріне былай деп жарияласын: Сонымен Мұса (пайғамбар) осы Таурат заңын жазып қойды. Оны Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүретін леуілік діни қызметкерлерге және Исраилдің күллі рубасыларына тапсырып, Олар Таурат заңын тыңдап, үйреніп, Құдай Иемізді терең қастерлеп, Таураттың барлық ережелерін сақтап орындаулары керек. Бүкіл халықты жинауға тиіссіңдер. Еркек не әйел болсын, балалар не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар болсын, бәрі де келуге міндетті. Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүретін леуіліктерге былай деп бұйырды:
Выбор основного перевода