Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өзің таяғыңды ұстап, қолыңды теңіздің үстіне қарай соз. Сонда теңіз қақ айырылып, халық теңіз ортасынан құрғақ жермен өте шығады. Сол кезде исраилдіктермен Рефідимде соғыспақ болып, амалектіктер таяп келіп қалған еді. Мұса (көмекшісі) Ешуаға:— Жігіттерді таңдап алып, амалектіктермен шайқасуға аттан! Ертең мен Құдайдың таяғын қолыма алып, төбе басында тұрмақпын, — деп бұйырды. Ешуа Мұсаның айтқандарын орындап, Амалек жасағына қарсы ұрысқа аттанып кетті, ал Мұса, Һарон және Һұр төбе басына шықты. Мұса қолын аспанға қарай көтерген кезде Исраил жеңіп, ал қолын төмен түсіргенде Амалек басым түсіп жатты. Бірақ Мұсаның қолдары талып қалды. Сонда Һарон мен Һұр үлкен тас алып келіп, соған Мұсаны отырғызды. Өздері біреуі оң жағында, екіншісі сол жағында тұрып, күн батқанша оның қолдарын сүйемелдеумен болды. Осылайша Ешуа бастаған сарбаздар өткір жүзді семсерлерімен Амалек жасағын күйретті. Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Мынаны естелік үшін кітапқа жазып қой да, Ешуаның құлағына құя бер: Мен аспан астынан Амалектің атын біржола өшіріп тастаймын!» Мұса сол жерде құрбандық ұсынатын орын салып, оны «Біздің туымыз — Жаратқан Ие» деп атады. Айдың барлық тұрғындары жойылып бітпейінше Ешуа найзасын созып тұрған қолын төмен түсірген жоқ. Еліше пайғамбар ауырып хал үстінде жатқанда, көңілін сұрай келген Солтүстік Исраилдің патшасы Жоғас көзіне жас алып:— Әкем-ау, әкем! Исраилді қорғаушы әрі жетелеуші! — деп қайғырды. Ал Еліше оған:— Қолыңа садақ пен жебелер ал! — деп нұсқады. Патша оларды қолына алғанда Еліше оған: — Ал енді, атуға дайындалып, садағыңды тарт! — деп тапсырды. Ол садағын тартып жатқан кезде Еліше өзінің қолдарын патшаның қолдарының үстіне қойды. Еліше: «Шығысқа қарап тұрған терезені аш!» — деп бұйырды. Патша оны ашқанда, Еліше: «Енді ат!» — деді. Сонда Жоғас атып жіберді. Пайғамбар: «Бұл жебе Жаратқан Иенің жеңіс сыйлайтынын әрі елді Арамадан құтқаратынын бейнелейді! Сен арамалықтарды Әфектің маңында толығымен талқандайсың!» — деп түсіндірді. Содан соң ол тағы да: «Жебелерді ал!» — дегенде, патша жебелерді алды. Еліше оған: «Солармен жерді соққыла!» — деп тапсырды. Ол жерді үш рет соқты да, тоқтай қалды. Құдайдың пайғамбары бұған ашуланып: «Сен жерді бес немесе алты рет соғуың қажет еді! Сонда Арамаға соққы бергенде, оны толығымен талқандаған болар едің. Бірақ сен енді Арамаға тек үш рет қана соққы беретін боласың», — деді.
Выбор основного перевода