Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Маған арнап топырақтан құрбандық орнын салыңдар. Ұсақ әрі мүйізді ірі қара малдарыңнан құрбандық шалып, кейбіреулерін құрбандық орнының үстінде тұтасымен өртеп Маған ұсыныңдар. Ризашылық құрбандықтарының белгілі бөліктерін де соның үстінде өртеп ұсыныңдар. Мен өз атымды атап, дәріптеулеріңе рұқсат еткен әрбір орында солай істеңдер. Сонда Мен қастарыңа келіп, өздеріңді жарылқаймын. Егер Маған арнап құрбандық орнын тастардан қаластырып салсаң, тастары қашалмаған болсын. Себебі егер қашауды қолдансаң, оны арамдайсың. Сол жерде Құдайларың Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын да жасаңдар. Оны темір құрал-сайманмен өңделмеген, бүтін тастардан тұрғызыңдар. Соның үстінде Құдай Иеге арнап шалынған құрбандықтарды өртеп ұсынуларың керек.
Выбор основного перевода