Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер ауыр қылмысы үшін өлімге кесілген бір кісінің мәйітін ағашқа іліп қоятын болсаңдар, оны түні бойы ағашта қалдырмай, сол күні жерлеңдер. Себебі ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады. Осылайша Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге табыстап отырған елді арамданып кетуден сақтаңдар! үстерінен көп тас үйіп тастады. Сол зор тас үйіндісі күні бүгінге дейін бар. Сондықтан бұл жер әлі де Ахор (яғни «Пәле») аңғары деп аталып келеді. Бұдан кейін Жаратқан Ие лаулаған қаһарынан қайтты. Содан соң Ешуа патшаларды өлтіріп, денелерін бес ағашқа ілгізіп, кешке дейін солай қалдырды.
Выбор основного перевода