Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Жаратқан Иенің есімін қарғағанды ел қонысының сыртына алып шығыңдар. Оның айтқандарын естігендердің бәрі қолдарын оның басына қойсын. Бұдан кейін Исраилдің бүкіл қауымы оны таспен атқылап өлтірсін. Оны таспен атқылап өлтіріңдер! Себебі ол сендерді құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иеден бас тартқызып ажыратуға ұмтылды. онда сол зұлымдықты істеген еркек не әйелді қала қақпасының алдына апарып, таспен атқылап өлтіріңдер. Байқаңдар, Жаратқан Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерден сақтаныңдар! Олардың ешқайсысын алып, иемденіп жүрмеңдер! Әйтпесе соның кесірі өздеріңе тиіп, Исраилдің бүкіл қонысы да Жаратқан Иенің қарғысына ұшырайтын болады. Осылайша оған пәле әкелесіңдер. Зарахтың шөбересі Ахан Жаратқан Иеге бағышталған заттардан алып опасыздық жасап, соның кесірінен Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл қауымына қаһарланған жоқ па еді? Осы үшін өлген Аханның жалғыз өзі ғана емес қой. Ахаб Ілиясты көре салысымен, оған тіл қатып:— Исраилдің басына пәле түсірген адам сен бе едің?! — деді. (Зарахтың шөбересі) Қарми ұлы Ахан Жаратқан Иеге бағышталған, жойылуға тиісті заттан алып, Исраилдің басына пәле келтірді.
Выбор основного перевода