Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраил күнә жасады! Олар Мен өздеріне сақтауға бұйырған Келісімімді бұзды: Маған бағышталған заттардан ұрлап, иемденіп алды да, соларды өз меншіктерінің арасына жасырып қойды! Мен әйелдің мәйітін бөлшектеп, Исраилдің бүкіл мұралық жеріне таратып жібердім. Өйткені олар Исраилде масқара сұмдық істеді. Сонда Саул:— Жасақтың күллі басшылары, осында жиналыңдар! Бүгін қандай күнә жасалғанын анықтайық! — деп бұйырды. Содан ол: — Исраилдің Құтқарушысы — мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: осы күнәні жасаған әркім, тіпті өз ұлым Жонатан болса да, өлуге тиіс! — деп ант етті. Бірақ бүкіл жасақтағы бірде-бір адам үндемеді.
Выбор основного перевода