Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан шекара Ахор аңғарынан Дебирге көтеріліп, солтүстікке қарай Ғылғалға бұрылады. Ғылғал тасқынды аңғардың оңтүстік жағындағы Адумим асуына қарама-қарсы орналасқан. Осыдан шекара Ен-Шәміш бұлағына дейін созылып, Ен-Рогелге жетеді. Елдің батысындағы Шарон жазығы ұсақ мал отарларына жайылым және шығысындағы Ахор аңғары ірі қара табындарына тынығатын жер болады. Барлығы Маған бет бұрып сиынған халқымның меншігіне айналады. Мен оған жүзімдіктерін қайтарып беремін. «Ахор (яғни Пәле) аңғары» ол үшін «Үмітке апаратын қақпа» іспетті болады. Сол жерде ол жастық шағындағыдай, Мысырдан шыққан кезіндегідей, ән-жыр шырқайтын болады».
Выбор основного перевода