Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Ешуа халыққа мына бұйрықты да беріп қойған еді:) «Қала және оның ішіндегі адамдар мен мүліктердің барлығы Жаратқан Иеге бағышталып жойылсын! Тек (бұрынғы) жеңіл жүрісті әйел Рахаб пен оның үй ішіндегілер тірі қалдырылсын! Өйткені Рахаб біз жіберген барлаушыларды үйінде жасырып, аман алып қалды. Байқаңдар, Жаратқан Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерден сақтаныңдар! Олардың ешқайсысын алып, иемденіп жүрмеңдер! Әйтпесе соның кесірі өздеріңе тиіп, Исраилдің бүкіл қонысы да Жаратқан Иенің қарғысына ұшырайтын болады. Осылайша оған пәле әкелесіңдер. Барлық күміс пен алтын атаулы және темір мен қола бұйымдар да Жаратқан Иеге бағышталғандықтан, оларды Оның қазынасына тапсыруға тиістісіңдер!» Бірақ исраилдіктер Тәңір Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерге қатысты опасыздық жасаған еді. Ол былай болды: Яһуда руының Ахан есімді бір кісісі Жаратқан Ие тыйым салған кейбір заттарды иемденіп алды. Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары исраилдіктерге қарсы лаулады. Ахан Қармидың ұлы, Забдидің немересі, Зарахтың шөбересі болатын. Анани есімді кісі мен әйелі Зәпира да бір меншікті жер танабын сатты. Бірақ Анани түскен ақшаның бір бөлігін жасырып алып қалып, тек қалғанын ғана елшілердің алдына апарып қойды. Бұл туралы әйелі де хабардар болды.
Выбор основного перевода