Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иисус Навин
Параллельные места
Перғауын жақындаған кезде исраилдіктер кері бұрылып қараса, соңдарынан қуған мысырлықтар келіп те қалыпты! Зәрелері ұшқан исраилдіктер айқайлап Жаратқан Иені шақырды. Мысырдың әскері мен Исраил көшінің ортасына барып тұрды. Бұлт мысырлықтар жағына қараңғылық орнатып, исраилдік жақта түнді жарық қылып тұрды. Осылай Мысыр әскері исраилдіктерге түні бойы жақындай алмады. Мұса қолын теңізге қарай созды. Содан таң ата су орнына келді. Қашып бара жатқан мысырлықтар оған қарсы жүгіріп, Жаратқан Ие оларды теңіз ішінде суға батырды. Арнасына қайтқан су Исраил халқының соңына түсіп, теңіздің ішіне дейін қуып келген перғауынның бүкіл әскерін, күймелері мен атты жауынгерлерін көміп тастады. Олардың бірде-біреуі тірі қалмады. Өйткені Құдайларың Жаратқан Ие қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқап келеді. Осы қырық жыл бойы мына кең-байтақ далада жүргенде Құдай Ие сендерді қорғап жүрді. Оның Өзі бірге жүріп сендерге жар болғандықтан, еш нәрседен таршылық көрген жоқсыңдар. Қадеш-Барниден шығып, Зәред аңғарынан өткенге дейінгі аралықта отыз сегіз жыл өткен болатын. Жаратқан Иенің оларға антпен алдын ала білдіргеніндей, Исраил қонысындағы соғысқа жарамды ер адамдардың барлығы сол отыз сегіз жыл ішінде қайтыс болып бітті. Немесе Құдай Иеміздің көз алдымызда Мысыр елінде істегеніндей, сол халықты ауыр сынақтардан өткізіп, ғажап істер мен кереметтер көрсетіп, соғыспен, Өзінің алға созылған құдіретті қолымен әрі ұлы да үрейлі істерімен өз меншігі болу үшін бір халықты басқа бір елдің ішінен алып шығуға тырысқан тәңір бар ма екен? (Әрине, жоқ!) Мұса бүкіл Исраил халқын шақырып алып, оларға былай деді: «Мысыр елінде Жаратқан Иенің перғауынға, оның барлық нөкерлері мен бүкіл еліне істегендерін түгел көрдіңдер. Мысырдан көшіп шыққан, соғысқа жарамды еркек атаулы өліп біткенге дейін бүкіл Исраил халқы қырық жыл бойы иен даланы кезіп, көшіп-қонып жүрді. Өйткені олар Жаратқан Иенің айтқан сөзіне мойынсұнбаған еді. Сондықтан Ол ата-бабаларына олардың кейінгі ұрпақтарына табыстауға уәде еткен, ағы мен балы ағыл-тегіл елді сол буын ешқашан көрмейді деп шешіп, Онысын антымен бекіткен болатын.
Иисус Навин
Выбор основного перевода