Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иисус Навин
Параллельные места
Лабан: «Бұл тас төбе бүгін екеуіміздің арамыздағы айғақ», — деді. Сондықтан ол Ғилақад («Айғақ төбесі») деп аталды. Арам оймен осы төбе мен ескерткіштен әрі өтіп не мен саған қарай бармаймын, не сен маған қарай келме! Соның куәсі ретінде мына тас төбе де, тас ескерткіш те тұратын болсын. Қайта, ол біз бен сіздердің және болашақ ұрпақтарымыздың арасындағы айғақ болмақ. Ол біздің Жаратқан Иенің (кездесу шатырының) алдына барып, Оған арнап құрбандықтар шалып, өртеуге және Онымен қарым-қатынасымызға ризашылық білдіретін тартуларымыз бен өзге де сый-тартуларымызды ұсынып Оған ғибадат етуге құқығымыздың бар екендігін дәлелдемек. Осылайша болашақ ұрпақтарыңыз біздің ұрпақтарымызға: «Жаратқан Иеге еш қатыстарың жоқ!» деп айта алмайтын болады. Егер бізге немесе ұрпақтарымызға осылай деп айтылып жатса, онда біз былай деп жауап беретін боламыз: «Жаратқан Иенің құрбандық үстелінің біздің ата-бабаларымыз салып кеткен нұсқасына қараңдаршы. Олар бұны шалынып, өртелетін құрбандықтар мен басқа да сый-тартулар ұсыну үшін емес, сіздер мен біздерге айғақ болу үшін салған». Рубендіктер мен ғадтықтар сол құрбандық үстеліне «Айғақ» деген ат қойды. Себебі олар: «Бұл — Жаратқан Иенің біздің де Құдайымыз екендігінің айғағы», — деді.
Иисус Навин
Выбор основного перевода