Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иисус Навин
Параллельные места
Жаратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді:«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш! Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын,Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын.Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады. Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын,Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын.Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар жарылқанады». Сондықтан Ыбырам Жаратқан Иенің айтуымен жолға шықты. Оған Лут ілесті. Хараннан көшіп кеткен кезде Ыбырам жетпіс бес жаста еді. Осылайша Ыбырам әйелі Сарайды және туған інісінің ұлы Лутты ертіп, бар жиған-тергендері мен Харанда өздері иемденген қызметшілерін де алып, сапарға шығып, Қанахан еліне барды. Ыбырам сол жерді кезіп, Сихем қаласының маңайындағы алып емен ағашы өсіп тұрған Море деген жерге дейін жетті. Ол кезде бұл елді қанахандықтар мекендеуші еді. Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді. Сара жүкті болып, Ыбырайымға қартайған шағында ұл туып берді. Бұл Құдай алдын ала белгілеген мезгілде болды. Ыбырайым Сара тапқан ұлдың атын Ысқақ («Күледі») деп қойды. Ол былай деп жауап берді:— Қадірлі ағайындар мен ақсақалдар, сөзіме құлақ түріңіздер! Арғы атамыз Ыбырайым Харан жеріне әлі орын теппей тұрып, Месопотамия өлкесінде жүрген кезінде оған салтанатты ұлылыққа бөленген Құдай аян беріп: «Сен еліңді, туған-туысқандарыңды тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!» — деген. Сонда Ыбырайым пайғамбар халдейлер елін тастап, Харанды мекендеді. Әкесі өлгеннен кейін Құдай оны сол жақтан сіздер қазір тұрып жатқан осы жерге көшірді.
Иисус Навин
Выбор основного перевода