Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иисус Навин
Параллельные места
Ешуа халыққа тағы былай деді:— Ендеше Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оған шын жүректен, адалдықпен қызмет етіңдер! Ата-бабаларың Евфрат өзенінің арғы жағында және Мысырда табынған жалған тәңірлерді лақтырып тастап, олардан арылыңдар! Жалғыз Жаратқан Иеге ғана қызмет ететін болыңдар! Олар араларыңда болған бөгде тәңірлердің мүсіндерін алып тастап, Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің көрген азабына шыдай алмай, оларды аяды. Самуил бәріне: «Егер сендер Құдайға шын жүректен қайтамыз десеңдер, онда қолдарыңдағы Астарта бейнелерін және өзге де бөтен тәңірлердің бейнелерін лақтырып тастаңдар! Жаратқан Иеге шын жүректен мойынсұнып, тек Оған ғана қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерді філістірлердің қолынан құтқарып алады», — деп ескертіп отыратын.
Иисус Навин
Выбор основного перевода