Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Халеп Мұсаның алдында халықты тыныштандырып:— Уа, халайық, біз елге өрлеп барып, оны иемденіп алайық! Соны сөзсіз істей аламыз! — деді. Бірақ онымен бірге барып келген басқалар:— Жоқ, біз сол халыққа қарсы шыға алмаймыз, олар бізден соншама күшті! — деп онымен келіспеді. Алайда қызметшім Халеп ондай мінез көрсетпей, Маған шын жүректен сенімді болғандықтан, Мен оны өзі барлап келген сол елге апарып кіргіземін. Оның ұрпақтары сол елді иемденетін болады. Енді қайда барсақ екен? Барлап келген бауырларымыз әкелген мағлұматтарымен зәремізді ұшырды. Сол елдің халқы бізден мықты да бойшаң, қалалары үлкен, қамалдары аспанмен таласқандай биік екен! Анақтың алып ұрпақтарын да сонда көріпті!» — дедіңдер.
Выбор основного перевода