Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шимон руынан Хори ұлы Шапат, Ғад руынан Махи ұлы Геуел. Елдің оңтүстігіндегі Негев аймағында Амалек тайпасы тұрады. Ортадағы таулы аймақта хеттіктер, ебустіктер, аморлықтар орналасыпты. Қанахандықтар (батыстағы) теңіз жағасында және (шығыстағы) Иордан өзені бойында қоныстанған екен. Елді барлап келгендердің екеуі — Нұн ұлы Ешуа және Ефунне ұлы Халеп те (басқалардың сенімсіздігіне қатты қайғырып) киімдерінің өңірін айыра жыртты. Олар Исраилдің бүкіл қауымына: «Біз барлап келген ел өте керемет екен! Егер Жаратқан Ие бізге риза болса, Ол бізді ағы мен балы ағыл-тегіл сол елге алып барып, оны бізге табыстайды. Тек Жаратқан Иеге қарсы бас көтермеңдер, елдің халқынан қорықпаңдар! Олар бізге жем болады: олар қорғаныштарынан ада қалған. Ал арамыздағы Жаратқан Ие бізге жар! Олардан еш қорықпай-ақ қойыңдар!» — деп ескертті.
Выбор основного перевода