Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шимон руынан Хори ұлы Шапат, Жіберілгендер қырық күн бойы елді барлап болғаннан кейін қоныстарына қайта оралды. Елдің оңтүстігіндегі Негев аймағында Амалек тайпасы тұрады. Ортадағы таулы аймақта хеттіктер, ебустіктер, аморлықтар орналасыпты. Қанахандықтар (батыстағы) теңіз жағасында және (шығыстағы) Иордан өзені бойында қоныстанған екен. Елді барлап келгендердің екеуі — Нұн ұлы Ешуа және Ефунне ұлы Халеп те (басқалардың сенімсіздігіне қатты қайғырып) киімдерінің өңірін айыра жыртты. Алайда қызметшім Халеп ондай мінез көрсетпей, Маған шын жүректен сенімді болғандықтан, Мен оны өзі барлап келген сол елге апарып кіргіземін. Оның ұрпақтары сол елді иемденетін болады. Мен өздеріңді қоныстандыруға ант еткен сол елге Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа екеуінен басқа сендердің ешқайсыларың кірмейсіңдер!
Выбор основного перевода