Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, мен саған келмей тұрғанда Мысыр елінде туған сенің екі ұлың менікі. Ефрем мен Манаса екеуі де Рубен, Шимон сияқты өзімнің ұлдарым болады. Исраилдің тұңғыш ұлы Рубен болды. Алайда Рубен әкесінің кәнизагымен жақындасып, әке төсегін арамдағаны себепті оның тұңғыштық жолы Исраилдің басқа ұлы Жүсіптің екі ұлына берілді. Сондықтан да шежіре жазбаларында Рубен тұңғыш ұл ретінде тіркелмеген. Исраилдің он екі ұлының ішіндегі ең күштісі Яһуда болды, әрі сол рудан халықтың көсемі Дәуіт шықты. Бірақ тұңғыштық жол Жүсіптікі. Жаратқан Ие Мұсаға Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында тіл қатып былай деді: «Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Олар өздерінің үлесіне тиген мұралық жерлерінен леуіліктерге тұруға бірнеше қаланы айналаларындағы жайылымдарымен қоса бөліп берсін! «Жаратқан Ие Мұса арқылы бізге өзіміз мекендейтін қалалар және малымыз жайылатын өрістер беру туралы айтқан болатын», — деген өтініш жасады.
Выбор основного перевода