Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патша қайғырып, билік жүргізген әмірші сары уайымға салынады. Елдегі халықтың қолдары қорқыныштан дірілдейді. Мен оларды істегендері бойынша жазалап, өз заңдары бойынша соттаймын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады!» Сонда Исраилдің шекараларына дейін семсерден қырылып, мерт боласыңдар. Мен сендерге үкім шығарып, оны жүзеге асырамын. Содан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Себебі Менің заңдарымды орындамай, шешімдеріме бағынбадыңдар. Керісінше, маңайларыңдағы халықтардың (Өзіме жиренішті) әдет-ғұрыптарына сай әрекет жасадыңдар».
Выбор основного перевода