Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жосия тас бағаналарды талқандап, Ашераға бағышталған ағаш бағаналарды шауып тастап, олар тұрған жерлерге өліктердің сүйектерін шашып (оларды арамдады). Жосия айналасына қарағанда, төбе беткейіндегі қабірлерді көрді. Содан ол адамдарын жіберіп, қабірлерге қойылған діни қызметкерлердің сүйектерін шығартып алып, сол құрбандық үстелінің үстінде өртетті. Бұл баяғыда Жаратқан Иенің хабарын жеткізген Құдайдың пайғамбарының алдын ала айтқандарына сәйкес болды. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Сол кезде Яһуданың патшалары мен әкімдерінің, діни қызметкерлері мен пайғамбарларының, әрі Иерусалимнің өзге тұрғындарының сүйектері өз қабірлерінен шығарылып тасталады. Олар тірі кездерінде өздері сүйіп, жолдарын қуып, ақыл-кеңес сұрап, иіліп ғибадат еткен күн мен айдың әрі аспандағы жұлдыздардың астында қалады. Сүйектерді ешкім жинап алмайды, ешкім қабірге де қоймайды. Содан олар жерде қи сияқты шашылып жататын болады.
Выбор основного перевода