Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халқыңның үштен бір бөлігі қаланың ішінде аштан не індеттен өледі, тағы үштен бір бөлігі қаладан тыс жау қолынан қаза табады. Қалған үштен бір бөлігін Мен дүниенің шартарабына шашыратып жіберіп, жалаң семсеріммен арттарынан қуамын. Қала сыртында семсер, ішінде індет пен ашаршылық: даладағылар семсерден қаза тауып, қаладағылар ашаршылық пен індеттен қырылады. Ей, пендем, айқай салып жыла! Өйткені семсер Менің халқыма қарсы, әрі Исраилдің билеушілеріне қарсы қолданылмақ. Олар халқыммен бірге семсерден қырылмақ. Сонымен қайғыдан кеудеңді соққыла! Сондықтан, ей, пендем, Менің хабарымды жеткіз! Екі алақаныңды соқ! Семсер екі рет, тіпті үш рет шауып түссін! Бұл — өлімге кесілгендерге арналған семсер. Зор қырғынға арналған осы семсер оларға жан-жақтан таяп келмек. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ей, Аммон халқы, сен Исраил елін жек көргеннен қолдарыңды шапалақтап, аяқтарыңмен жер тепкілеп, оны табалап күлдің.
Выбор основного перевода