Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерге қарсы жыртқыш аңдарды жіберемін, олар сендерді балаларыңнан айырып, малдарыңды жарып құртатын болады. Өздерің де азайып, жолдарың қаңырап бос қалады. Немесе Мен бүкіл елді кезіп жүретін жыртқыш аңдарды жіберіп, олар тұрғындарды жалмап, соның кесірінен қаңырап қалған ел арқылы тіпті жолаушылар да өтпей қояды дейік. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Иерусалимге қарсы оның халқы мен малын қыратын төрт ғаламат апатымды: семсер, ашаршылық, жыртқыш аңдар және індетті жібергенімде, бұл қандай қорқынышты болмақ?! Мен де екі алақанымды соғып, қаһарымды басамын. Бұны Мен, Жаратқан Ие, нық айтамын! Себебі Мен Сидонға жұқпалы індет пен қантөгіс жіберемін, сонда көшелерінде қан судай ағатын болады. Семсерлі жау Сидонға жан-жақтан тап беріп, тұрғындары қаланың ортасында шабылып, құлап жатады. Мұны көргендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
Выбор основного перевода