Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халқымның басына пәлелер түсіремін,Жебелерімді оларға атып бітіремін. Аштықтан халқым жүдеп әлсірейді,Жаппай індеттерден азап шегеді,Обадан толығымен құртылады.Жұмсаймын оларға жыртқыш аңдарды,Жерде жорғалайтын улы жыландарды. Бұдан соң Ол маған былай деп түсіндірді: — Пендем, Мен Иерусалимді күн көріп келген нанынан құр қалдырамын. Оның жұрты өздеріне күнделікті таразыға салынып үлестірілетін нандарын қорқып жейтін, әрі өлшеніп берілетін суларын үрейленіп ішетін болады. «Пендем, егер бір ел Маған опасыздық жасап күнәға батса, Мен ондай елге қарсы қолымды созып, ашаршылық жіберіп, елді нансыз қалдырамын. Сөйтіп, оның халқы мен малын жоямын.
Выбор основного перевода