Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие бүкіл кәрін жаудырды,Ол Сионға қаһарының отын құйды,Өрт қаланың негізін де жалмап жойды. Саған жуырда қаһарымды төкпекпін, барша ашу-ызамды жаудырмақпын. Сені қылықтарыңа сай соттап, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. Сонда Менің саған қарсы лаулаған қаһарым басылып, қызу қайрат-жігерім сенен кері бұрылады. Мен тынышталып, бұдан былай саған ашуланбайтын боламын. Мен де екі алақанымды соғып, қаһарымды басамын. Бұны Мен, Жаратқан Ие, нық айтамын! Сол себептен Исраил елі туралы хабарымды жеткізіп, оның тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендер басқа ұлттардың масқаралауынан зардап шеккендіктен Мен лаулаған ашу-ызамен сөйлеймін!»
Выбор основного перевода