Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер әбден ашыққаннан өз ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар. Жауларың қалаларыңды қоршап, қыспаққа алғанда сендер шексіз азап шеккендіктен, тіпті өздеріңнің туған балаларыңды, иә, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге сыйлаған ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар! Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. Осылайша менің баламды екеуіміз асып жедік. Келесі күні мен оған: «Енді сен балаңды бер, жейік!» десем, ол оны бір жерге тығып тастапты! Мен олардың жандарын алмақшы жаудың елге басып кіріп, қаланы қоршап алуына жол беремін. Сонда Мен аштықтан қатты қиналып не істерін білмей қысылып отырған оларға өз ұл-қыздары мен достарының етін жегіземін! «Қарашы, Ием, қай халыққа істедің мұндайды,Туып-өсірген балаларын әйелдер жалмайды!Қызметкер, пайғамбар өз киелі үйіңде құриды! Халқымның осылай күйреген кезіндеМейірімді әйелдердің өздері деБалаларын өз қолымен асып, жеді де. Мен оның айналасындағы барлық нөкерлері мен жасақшыларын желдің төрт бағытына шашыратып жіберіп, олардың соңынан жалаң семсермен қуамын. «Уа, халайық, дайындалып, жолға шығыңдар! Солтүстіктегі елден қашып кетіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Себебі Мен сендерді дүниенің шартарабына шашыратып жіберген едім.
Выбор основного перевода