Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Діни қызметкерлерің Менің бұйырған Таурат заңымды бұзып, Өзіме бағышталған қасиетті нәрселерімді арамдайды. Олар қасиетті мен жай нәрселердің арасын тіптен ажыратпай, адал мен арамның айырмашылығын да еш үйретпейді. Демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, соларға да немқұрайды қарайды. Осылайша олар Маған құрмет көрсетпей, Мені қорлайды. Содан кейін қарасам, ғибадатхана тұрған жерді айнала қабырға салынған екен. Әлгі хабаршының қолындағы өлшеуіш таяғының ұзындығы алты шынтақ болды. Ол қолданып жүрген ұзындау шынтақ — бір қалыпты шынтақ және қосымша бір тұтам болатын ұзындық өлшемі. Хабаршы қабырғаның қалыңдығы мен биіктігін де өлшеді: екеуі де бір-бір өлшеуіш таяқтан болып шықты. Хабаршы қақпаның бағаналы кіреберісінің өзін де өлшеді: ол сегіз шынтақ, ал екі бағанасының қалыңдығы екі шынтақ құрады. Қақпаның бағаналы кіреберісі ішкі жаққа, яғни киелі үйге, қарап тұрды. Осының ішінен ені мен ұзындығы бес жүз шынтақ жер ғибадатханаға арналып белгіленсін. Айналасында тағы да ені елу шынтақ болатын жер тілімі бос қалдырылсын. «Мен Өзім әрі қаланың айналасындағы жалындаған отты қабырғасы, әрі оның ішіндегі нұрлы салтанаты іспетті боламын», — деп уәде береді Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода