Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек. — Һаронға және оның ұлдарына мынаны айт: күнәнің құнын өтейтін құрбандық жайлы нұсқаулар мыналар. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық Жаратқан Иенің алдында, түгелдей өртелетін құрбандықтар шалынатын орында шалынсын. Ол ерекше киелі. Тек діни қызметкердің отбасындағы барлық ер адамдардың ғана сол құрбандықтың етін жеулеріне болады. Ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі. Діни қызметкерлердің отбасыларындағы әрбір ер адамның сол құрбандықтың етін жеуіне болады. Оны киелі орында жесін, ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі. Оны тек киелі орында ғана жеңдер! Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы жасалған тартулардан өзіңе және ұлдарыңа арналған үлес. Маған берілген бұйрық осындай. Ал құрбандықтың Жаратқан Иеге әрі-бері тербеп ұсынылған төсін және жоғары көтеріп ұсынылған санын өздеріңе және ұл-қыздарыңа жеуге болады. Себебі сол бөліктер исраилдіктердің Жаратқан Иемен қарым-қатынастарына ризашылық білдіретін құрбандықтарынан саған және ұлдарыңа берілген үлес. Осы етті тазару рәсімі жасалған бір жерде жеңдер. «Күнәнің құнын өтейтін құрбандықты неге киелі орында жемедіңдер? Осы құрбандық ерекше киелі. Ол қауымның күнәларын арқалап, Жаратқан Иенің алдында халықты күнәнің арамдығынан тазарту үшін сендерге берілген еді ғой. Осы нан Һаронға және оның ұлдарына тиесілі, олар сол күлшелерді киелі орында жеулері қажет. Бұл — Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын тартулардан оларға тиісті үлестің ерекше киелі бөлігі. (Маған бағышталған) тартулардың отқа өртелмейтін бөлігі сендердің үлестерің болады. Ол не астық тартуы, не күнәнің құнын өтейтін құрбандық, не айыпты өтеу құрбандығы болсын, халықтың Маған бағыштаған ерекше киелі тартуларының осы бөліктері сенің өзіңе және ұрпақтарыңа тиісті. Оларды киелі орында жеңдер. Сендердің еркек кіндіктілерің сол бөліктерді жей алады. Оларға Өзіме бағышталған киелі деп қараңдар. ата-бабаларымыз Сені мадақтаған киелі де салтанатты ғибадатханамыз өртеніп кетті! Біз үшін сондай қымбат нәрселердің бәрі де күйреді. Ал солтүстікке қараған бөлме құрбандық үстеліне байланысты міндеттерді атқаратын діни қызметкерлерге арналған. Осы діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтары. Себебі Жаратқан Иеге қызмет ету үшін Оның алдына жақындап келу тек Садықтан тараған леуіліктерге ғана рұқсат етілген».
Выбор основного перевода