Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін хабаршы мені қақпа ғимаратынан алып шығып, ғибадатхананың сыртқы ауласына апарды. Бүкіл ауланы айналдыра тас төселген жол жатты. Сол жолдың бойында отыз бөлме салынған екен. Бұдан кейін хабаршы солтүстік жақтан ішкі аулаға апаратын қақпа ғимаратының ұзындығы мен енін өлшеді. Содан соң хабаршы мені Оңтүстік қақпа ғимараты арқылы ішкі аулаға алып келді де, оңтүстік қақпа ғимаратын өлшеді. Оның да өлшемдері басқалардікімен бірдей болды. Содан соң хабаршы мені киелі үйдің қасиетті бөлмесіне алып барды. Соның кіреберісінің екі жағындағы шығыңқы қабырғаларды өлшеді. Олардың қалыңдығы алты шынтақ құрады. Киелі үйдің ауласының батыс жағында орналасқан ғимараттың ені жетпіс шынтақ еді. Ғимараттың қабырғасының қалыңдығы барлық жерінде бес шынтақ, ал ғимараттың ұзындығы тоқсан шынтақ болды. Бұдан соң хабаршы киелі үйдің сыртын өлшеді. Соның ұзындығы жүз шынтақ, алдындағы ауланың және қабырғаларымен бірге өлшенген ғимараттың жалпы ұзындығы жүз шынтақ болып шықты. Киелі үйдің оңтүстік жағындағы сыртқы ауланың қоршау қабырғасын бойлай, яғни ішкі және сыртқы аулалардың арасында, тағы сондай бөлмелер кешені орналасыпты. Содан соң хабаршы маған тіл қатып былай деді: «Ішкі аулаға қарап тұрған оңтүстік және солтүстік жақтағы осы бөлмелер діни қызметкерлерге арналған. Сол бөлмелерде Жаратқан Иенің алдына қызмет етуге баратын діни қызметкерлер Оған ерекше бағышталған ең қасиетті құрбандықтар мен сый-тартулардан тамақтанады. Сол бөлмелерде ең қасиетті тартулар — астық тартулары, күнәнің құнын және айыпты өтейтін тартулар сақталады. Себебі бұл бөлмелер — Жаратқан Иеге ерекше бағышталған қасиетті орын. Енді әлгі хабаршы мені қақпа ғимаратының жанындағы кіреберіс арқылы діни қызметкерлерге арналған, солтүстік жаққа қарайтын қасиетті бөлмелерге де ертіп алып барды. Маған сол бөлмелердің батыс шетіндегі бір жерді көрсетті де,
Выбор основного перевода